Мектеп туралы

«№44 ауысымдық (кешкі) жалпы білім беретін мектеп» КММ-сі 1997 жылы 200 орынға арналып ашылған. Мектеп ғимараты бейімделген. Қазіргі таңда мектепте 39 оқушы білім алып жатыр. Кешкі мектепте оқыту: 

- күндізгі; 

- сырттай; 

- күндізгі-сырттай;

- сырттай жеке түрде оқыту (ҚР «Білім туралы» Заңының 27-бабына сәйкес) бойынша жүзеге асырылады.

Білім беру мазмұнын жаңартуға сәйкес кешкі мектептерге арналған үлгілік оқу жоспарлары әзірленді және бекітілді ("Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығы, №31-36 қосымшалар). 

Кешкі мектептердегі білім беру процесі білім беру деңгейіне қарай: 

1) негізгі орта білім (меңгеру мерзімі – 3 жыл: 7, 8, 9- сыныптар); 

2) жалпы орта білім беру (меңгеру мерзімі – 2 жыл: 10, 11 (12) сыныптар) бойынша жүзеге асырылады.

Біздің мектептің ерекшелігі мектептің белгілі бір жұмыс режимін қажет етеді. Мектепте сабақтар үш күн бойы өткізіледі, консультациялар, сынақтар жеке кестеге және осы мақсат үшін қатаң бөлінген жеке күндерге шығарылады. Кешкі мектепте «Көркем еңбек», «Дене шынықтыру», «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәндерін оқу қарастырылмаған. 

Кластар

Оқушылар саны (қазақ тілінде оқытылатын)

Оқушылар саны (орыс тілінде оқытылатын)

Класс комплект (қазақ тілінде оқытылатын)

Класс комплект (орыс тілінде оқытылатын)

1-4 кластар (Брайль жүйесі бойынша)

-

2

-

1

5 класс

-

1

-

1

8-9 кластар

5

2

2

1

10-11 кластар

2

27

1

2

Барлығы

7

32

3

5

Соңғы үш жылда қабылданған оқушылар саны

Оқу жылдары

Оқушылар саны

Оқыту тілі - қазақ

Оқыту тілі - қазақ

Класс комплект (қазақ тілінде оқытылатын)

Класс комплект (орыс тілінде оқытылатын)

2019-2020

70

14

56

2

6

2020-2021

57

11

49

1

6

2021-2022

37

7

32

3

5

Мектепте 8 оқу кабинеті бар. Бейімделген акт залы, психолог кабинеті бар. Бұл кабинеттердегі оқу процесі бір ауысымда және 6 күн оқытуда ұйымдастырылған. Мектепте Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы 2005 жылғы 13 сәуірдегі №39 Заңы және Ақтөбе қаласының білім бөлімінің 07.09.2009 жылғы №412 бұйрығы негізінде көру қабілеті төмен адамдарға арналған Брайль жүйесі бойынша бастауыш білім беру (1-4 кл.) ұйымдастырылған. Аталған заңның 29 бабының 6 тармағына сәйкес ҚР заңнамасында көрсетілген тәртіпте үйден оқытылады.

Қоңырау кестесі

1 сабақ: 08.00-08.45

2 сабақ: 08.50-09.35

3 сабақ: 09.50-10.35

4 сабақ: 10.40-11.25

5 сабақ: 11.40-12.25

6 сабақ: 12.30-13.15

7 сабақ: 13.20-14.05

8 сабақ: 14.10-14.55

Қазақ