12.10.2022 күні «Оқушылардың себепсіз сабаққа келмеуінің алдын алу шаралары» тақырыбы бойынша коучинг өткізілді.
Коучингтің негізгі мақсаты: оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыра отырып, өзекті мәселелері дер кезінде анықтау арқылы, оқушылардың себепсіз сабақтан қалуын болдырмау. Коучинг барысында мұғалімдер екі топқа бөлініп, 1-топ: "Оқушыны қалай мектепке құштарлықпен келтіруге болады", 2-топ: "Оқушының ішкі жігерінің төмен болу себебін қалай анықтаймыз?" деген мәселелер бойынша білім мен іс-тәжірибелерін ортаға салып, қызу талқы жүргізді. Коучинг нәтижесінде алдағы мектептің жылдық жұмыс жопарларына ұсынылған пікірлер мен әдіс-тәсілдерді кіргізу керектігі ұсынылды.
Қазақ