11 қараша 2021ж. №44 А(К)ЖББ мектебінде 8-11 сыныптар аралығында семинар – тренинг өткізілді

11 қараша 2021ж. №44 А(К)ЖББ мектебінде «Баланың құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және жасөспірімдер арасында суицидтің көбеюі мәселелерін шешу жөніндегі 2020 – 2023 жылдарға арналған жол картасының» бағдарламасы аясында 8-11 сыныптар арасында оқушыларды зиянды әдеттерден қорғау, алдын-алу шараларын ұйымдастыру мақсатында ДТІЖО К.Б.Есенбаева, медбике Л.С.Чабанова, мектеп педагог-психологы А.М.Дюсупова семинар-тренинг өткізді. Семинар барысында оқушыларға электронды темекінің, алкогольдің, нашақорлықтың, темекінің зияны туралы мәліметтер айтып, бейнефильмдер көрсетілді. Мақсаты: есірткі түрлерімен таныстыру, электронды темекі, нашақорлық және есірткінің зияны туралы айту, олардың алдын алу болды.

«2020 – 2023 жылдарға арналған жол картасының» бағдарламасы бойынша өткізілген жиынның ең басты мақсаты- салауатты өмір салтын қалыптастыру, өз өміріне жауапкершілікпен қарауға дағдыландыру болды. Семинар барысында оқушылар сұрақтар қойды, қойылған сұрақтардың деңгейі өте жоғары болды. Өткізілген семинар бойынша болашақта оқушылардың өз өмір жолдарын дұрыс таңдауына, мақсатына жете білуіне ықпалы болады деген сенімдеміз.

Қазақ