22-26.11.2021 ж. №44 А(К)ЖББМ-те «Құпия дос» өзін-өзі тану және психология апталығы өтті. Апталық аясында, жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілді. Мақсаты: ұжым арасында психологиялық ахуалды қалыптастырып, жалпы эмоционалдық көңіл – күйін жоғарлату, өзара жылы қарым-қатынас пен төзімділікті дамыту. Бір апта нәтижесінде мұғалімдер мен оқушылар арасында қарым-қатынасын нығайтып, өзара жағымды қарым-қатынас орната білдік. Және де ұйымшылдық тәрбиелеп, ақыл-ойларын дамыта білді. Ортада өзін еркін ұстауға және өз ойын еркін жеткізуге үйренді. Мектептің барлық ұжымы апталыққа белсенді қатысты.
Қазақ