13.12.2022ж. күні қазақстан тархы пәні бойынша 11 «А» сыныбына Lesson Study әдісін қолданып, бақылаушы мұғалімдермен бірлесіп зерттеу сабағы өткізілді.

13.12.2022ж. күні қазақстан тархы пәні бойынша 11 «А» сыныбына Lesson Study әдісін қолданып, бақылаушы мұғалімдермен бірлесіп зерттеу сабағы өткізілді. Тақырыбы: Қазақстанның саяси-әлеуметтік және мәдени өміріндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі.

Зерттеу жұмысымның міндеті:

- Ойлау деңгейлеріне сай тапсырмаларды орындату арқылы танымдық ойлау деңгейлерін дамыту.

- Формативті бағалау, өзін-өзі бағалау, бірін бірі бағалау арқылы оқушылардың оқуға ынтасы мен қызығушылықтарын арттыру.

- АКТ-ны пайдалану арқылы қолдана алу дағдысын қалыптастыра отырып уақытты тиімді пайдалану.

Сабақ жоспарға сай өткізілді бұл тәсілдің нәтижесінде біз оқушылардың білімдерін  жаңа тәсілдер арқылы кеңейте алдық. Сабақ соңында өз мақсаттарымызға жеттік, қалыс қалған оқушылар болған жоқ.  Бағдарламаның жеті модулін ықпалдастыра отырып, оқушылардың сұрақтарға толық жауап беруіне, ойларын ашық айтуға үйреттік. Топтық жұмыс арқылы ойларын ортаға салып талқылау, талдау, өз пікірін ашық айтуға дағыдыландыра отырып,бірін-бірі, өздіктерін, жұптарын, топтарын бағалауға үйретіп, оқуға деген қызығушылығын арттырдық. Болашақта осындай әдіс - тәсілдерді қолдана отырып өткен сабақтарыммызбен оқушының білім, білік дағдыларын арттыруды көздеп отырмыз және үлгерімі "С" дәрежесіндегі оқушылармен әлі де жұмыстар жасап "В" дәрежесіне жеткізуге, "В" дәрежесіндегі оқушыларды "А" дәрежесіне жеткізуге тырысамыз. 

Қазақ